National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Джаберді қабылдады

2024 жылғы 26 маусым

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның ортақ мақсаттар мен мұраттар біріктіретін ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атады.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қазақстан мен Қатар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша елеулі табысқа қол жеткізгеніне назар аударды. Бұған қоса, екі ел берік құқықтық база қалыптастырды және бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін ШЫҰ саммитін қолдап, құрметті қонақ ретінде қатысуға ниет танытқаны үшін Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Қатар елшісі Абдалла бен Хусейн Джабер құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Доханың екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға бейілді екенін растады.

Сонымен қатар кездесуде екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде сауда-экономика, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің