National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Groupe ADP компаниясының бас директоры Филипп Паскальмен кездесу өткізді

2026 жылғы 24 маусым

Бельгия, Брюссель қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Groupe ADP компаниясы басшысының кездесуінде Алматы әуежайын дамытудың ұзақмерзімді перспективасына баса назар аударылды.

Президент әуе хабтарын дамыту көлік-логистика саласындағы стратегиялық басымдықтардың бірі саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының бағалауынша, Groupe ADP компаниясының Алматы әуежайы инфрақұрылымын басқаруға атсалысуы табысты серіктестіктің жарқын үлгісі болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның жаңа халықаралық терминал салу секілді бірқатар маңызды жобаны тиімді жүзеге асырғанына тоқталды. Бұл инфрақұрылымның жаңаруына және жолаушылар санының жылына 14 миллионға дейін артуына мүмкіндік берді.

Филипп Паскаль Алматы әуежайын дамытуға арналған ұзақмерзімді бас жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берді. 2050 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру әуежайдың өткізу қабілетін жылына 55 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға жол ашады.

Сондай-ақ кездесуде өңірлердегі әуежайларды өркендету бойынша жаңа бірлескен жобаларды ілгерілету перспективасы талқыланды.

Groupe ADP бас директоры мемлекет авиациялық инфрақұрылымның қызметіне арналған оңтайлы нормативтік-құқықтық база жасақтағанын айтты.

Мемлекет басшысы Брюссельге сапары аясында қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалының кейбір аспектілері туралы келісім саланы дамытудағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Groupe ADP – әуежай инфрақұрылымын басқару саласы бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Топ Париждің негізгі әуежайларын басқарады және 20-дан астам елдің әуежайына TAV Airports секілді еншілес құрылымдар арқылы иелік етеді.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің