National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Ғылыми қоғамдастыққа Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті таныстырылды

Алматы қаласында Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан  Желдібай ғылыми қоғамдастыққа ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа басшысы Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты таныстырды.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Ақылбек Күрішбаев бұл лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 қаңтардағы өкімімен тағайындалды.

Руслан  Желдібай Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы президенті Күнсұлу Закарияға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі лауазымындағы қызметіне табыс тіледі.

Іс-шараға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының активі, ғылыми ұйымдардың басшылары мен академиктер қатысты.

Жиында Қазақстан ғылымының алдында тұрған міндеттер, ғылымның қолданбалы сипатын күшейту және ел экономикасына ғылыми әзірлемелерді енгізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ғалымдар Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылатын  іс-шараларға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару