Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі
Нұрлан Серікұлы БАЙБАЗАРОВ

1975 жылы 10 қазанда дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Executive MBA дәрежесі бар.
Еңбек жолын 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен бастап, Бюджет және Мемлекеттік қарыз алу департаменттерінде маман, бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.
2004 – 2011 жылдары – «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы, Инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директоры, Корпоративтік даму департаментінің директоры, Корпоративтік хатшысы;
2013 – 2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры;
2016 жылдан 2022 жылдың қарашасына дейін – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы;
2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қазанға дейін – «Қазақстанның даму банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы;
2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы ақпанға дейін – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы;
2024 жылғы ақпаннан желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі;
2025 жылғы ақпаннан қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;
2025 жылғы 15 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.