National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия Президентімен келіссөз жүргізді

2022 жылғы 20 қыркүйек

АҚШ, Нью-Йорк

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөз жүргізді.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады.

Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

Мемлекет басшысы Урсула фон дер Ляйенді Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен стратегиялық серіктестікті одан әрі жан-жақты нығайтуға деген өзара қарым-қатынасты растады.

Еуропалық комиссияның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде іске асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

Кездесу соңында Президент Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

2026 жылғы 10 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Жарлық

2026 жылғы 03 қараша

Ә.Ж. Жанасова туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің