National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қасым-Жомарт Тоқаев ASTANA VISION PAVLODAR клиникасына барды

2023 жылғы 09 тамыз

Мемлекет басшысы жергілікті тұрғындарға офтальмологиялық қызметтер көрсететін медицина мекемесінің жұмысымен танысты.

Президент диагностикалық-емханалық кешенін, стационар бөлімін, сондай-ақ лазер орталығы мен операциялық блокты аралап көрді.

Мекеме басшылығының айтуынша, клиника ай сайын көз ауруына шалдықққан 1000-ға жуық науқасты қабылдап, 200-ге тарта ота жасайды. Пациенттер ақылы түрде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында да диагностикадан өте алады.

Клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Президент өңірлерде осындай жоғары технологиялық арнаулы медицина мекемелерінің ашылуы өте маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы орталық ұжымының жауапты қызметіне табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 мамыр

Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 08 мамыр

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 08 мамыр

М.Н. Ергешбаевты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің