National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады

2024 жылғы 17 желтоқсан

Кездесуде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен ХОК арасындағы өзара ықпалдастық перспективасы талқыланды.

Президент олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда Халықаралық олимпиада комитетінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы отандық спортты және халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Кит МакКоннелл Қазақстан спорт қауымдастығының олимпиада қозғалысын насихаттау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол ұлттық құраманың халықаралық жарыстарда табысқа жетуіне тілектестік білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің