National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан Елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

2026 жылғы 07 қараша

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді, Содан кейін олар дипломатиялық миссияның жаңа ғимаратын аралап көрді.

Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды.

Екі елдің көшбасшылары Елшілік аумағына ағаш көшетін екті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің