National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

2026 жылғы 24 тамыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне байланысты жылы лебіздерін жолдаған Ресей Президенті Владимир Путинге, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға ризашылығын жеткізді.

Мемлекет басшысы бұл парламент сайлауы Қазақстан азаматтарының ынтымағын байқатып, халқымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың жарқын келешегі үшін жоғары деңгейде жауапкершілік танытқанын, нағыз отаншылдық үлгісін паш еткенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстанның жан-жақты жаңғыруы, саяси және экономикалық реформалар үздіксіз жүргізілетін үрдіске айналды. Құрылтай сайлауының қорытындысы көрсеткендей, еліміздің бағыт-бағдарын азаматтардың басым бөлігі қолдайды. Бұл Әділетті, Озық, Таза Қазақстан құру жөніндегі жоспарды ойдағыдай орындауға сенімді кепіл болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев достас мемлекеттер басшыларының өз елдерін орнықты дамытуға бағытталған жобалары мен бағдарламаларын табысты жүзеге асыруына тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының атына ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭК, ЭЫҰ, ТҮРКСОЙ және басқа да халықаралық ұйымдар жетекшілерінің құттықтаулары келіп түсті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің