National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан мен Германия президенттері келіссөз жүргізді

2023 жылғы 20 маусым

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізді.

Келіссөзге дейін «Ақорда» резиденциясында ресми қарсы алу рәсімі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Германияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін екі ел басшылары Шығыс залында келіссөз жүргізді.

Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция,  энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Келіссөздер достық рухында өтті және конструктивті әрі мазмұнды болды. Екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөздерді екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің