National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық / Түркия Республикасы, Ыстанбұл қаласы

Қазақстан Президенті Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесу өткізді

2021 жылғы 12 қараша

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі саммитінің аясында Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-мажар ынтымақтастығының  даму перспективаларын талқылады. Пандемияға қарсы күрес шаралары мен климаттың өзгеруіне қатысты мәселелер  қозғалды. Сондай-ақ олар аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты қатынастардың дамуын жоғары бағалады және әртүрлі деңгейдегі өзара байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– Қазақстанда Мажарстанды жақсы біледі және оған құрметпен қарайды. Біздің Орталық Еуропадағы алғашқы елшілігіміз Будапешт қаласында ашылды. Ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз ведомстволарымыз бен үкіметтерімізді алға ұмтылуға, оның ішінде экономика бағытында ілгерілеуге, сондай-ақ БҰҰ және ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясында ықпалдастық жасауға ынталандыру деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Мажарстанның Премьер-Министрі екі ел халықтарының тарихи тығыз байланыстарын атап өтті.

Кездесу соңында Виктор Орбан Қазақстан Президентін келер жылы Мажарстанға сапармен келуге шақырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 05 желтоқсан

Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады

2023 жылғы 07 желтоқсан

Президент «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 05 желтоқсан

Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің