National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Жапонияның Премьер-министрі Фумио Кишидаға жеделхат жолдады

2021 жылғы 04 қазан

Жеделхатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фумио Кишиданы Жапонияның Премьер-министрі лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтаған.

– Жапонияның баянды өркендеуін жалғастыруға, еліңіздің дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін асқақтатуға бағытталған игі істеріңіз бен жаңа бастамаларыңыз әрдайым табысты болуына тілектеспін. Қазақстан мен Жапония арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізді бүгіннен де биік белестерге көтеруді асыл мақсат тұтып, сан қырлы салалардағы өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Фумио Кишидаға қажымас қайрат, аса жауапты қызметте лайым сәттілік, ал достас жапон халқына құт-береке тілеген.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

2026 жылғы 07 шілде

Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 08 шілде

А.А. Мерғалиевті тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің