National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президентінің атына Ораза айт мерекесіне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары

2021 жылғы 13 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.

Құттықтау хаттарында олар Мемлекет басшысына зор денсаулық, бақыт және табыс тілеп, ал, Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Иордания Королі ІІ Абдалла, Кувейт Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің Тақ мұрагері Машаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Иран Президенті Хасан Рухани, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Йемен Президенті Абд Раббо Мансұр Хади, Сингапур Президенті Халима Якоб, Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лун, Сингапурдің Аға министрі - Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министрі Тео Чи Хин, сондай-ақ, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев және Иерусалим Патриархы III Феофил өздерінің құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

2026 жылғы 01 тамыз

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Жарлық

2026 жылғы 22 шілде

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің