
1966 жылы 4 наурызда дүниеге келген.
Білімі, мамандығы, ғылыми дәрежесі:
И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищесі (1987). «Командалық тактикалық» мамандығы бойынша.
М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия (1996). «Әскерлік барлаудың командалық-штабтық жедел-тактикалық» мамандығы бойынша.
Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас Штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстары (2004). «Мемлекеттің әскери қауіпсіздігі» мамандығы бойынша.
Педагогика ғылымдарының кандидаты (2011).
Әскери қызметі:
взвод командирінен құрама командиріне дейін бірқатар лауазымдарда қызмет атқарды (1987-2006);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (2006-2007);
Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлердің Бас штабының бастығы (2007-2008);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлердің қолбасшысы (04.09.2008-01.2013);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлердің Бас қолбасшысы (01.2013 - 04.2014);
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы (04.2014-09.2021);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы (09.2021-19.01.2022);
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (19.01.2022, 03.04.2023 қайта тағайындалды, 06.02.2024 - 08.06.2025 қайта тағайындалды);
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары (30.06.2025 бастап).
Басқа да лауазымдар:
Қазақстан Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті (12.2024 бастап)
Мемлекеттік наградалары:
«Даңқ» орденінің толық иегері, «Айбын» орденінің толық иегері.
Әскери атағы: генерал-полковник (06.05.2022)