National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы

1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданының Келес кеңшары бөлімшесінің жұмысшысы ретінде бастаған.

1996-1999 жылдары түрлі мекемелерде аға экономист, бас бухгалтер болып еңбек еткен.

2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік рәсімдердің орындалуын бақылау басқармасында жетекші бақылаушы-ревизор, бас бақылаушы- ревизор;

2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қаржы-экономикалық бөлімі экономикалық талдау және бақылау секторының референті, консультанты, бас сарапшысы, Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімі мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі;

2006 жылдың тамыз айынан бастап Астана қаласы тұрғын үй департаментінің «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы;

2007 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің сот орындаушысы;

2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік департаменті директорының орынбасары,  Ғылым комитеті төрағасының орынбасары;

2010 - 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде департамент бастығы;

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2013 -2015 жылдары – Шымкент қаласының әкімі;

2015-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде заң шығару ісіне атсалысты.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі;

2022-2025 жылдары – Түркістан облысының әкімі болып қызмет атқарды.

2025 жылы 6 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Астананың 10 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, марапатталған.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару