1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі: Алматы энергетика институтын және Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1997-1998 жылдары – «Тұран әлем банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары;
1998 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі;
1998-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
2000-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
2001-2003 жылдары – Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және шағын бизнесті қорғау агенттігінің төрағасы;
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі;
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі;
2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі;
2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы;
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы;
2022-2025 жылдары – Алматы қаласының әкімі;
2025 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Отбасылы, балалары бар.