National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

2024 жылғы 23 қазан

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) Нұржан Светқалиға, ақын – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

2) Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына, жазушы – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

3) Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына, авторлық ұжымға – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

4) Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына, суретші – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілсін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

       Президенті                                                           Қ.Тоқаев

 

 Астана, Ақорда, 2024 жылғы 22 қазан                         

                             № 683


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

2026 жылғы 07 шілде

Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 08 шілде

Қ.Б. Жайсанбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің