National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2025 жылғы 01 тамыз

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Елдің көлік саласын дамытуға, қатынас жолдарының инфрақұрылымын қалыптастыруға және жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:

 

II дәрежелі «Барыс» орденімен

Қазанов Жанболат Байрахметұлы  – «ОблШығысЖол» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы;

 

III дәрежелі «Барыс» орденімен

Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы –  Көлік министрі;

 

«Парасат» орденімен

Сақтағанов Мақсат Әбдірұлы – «Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағы» одақ нысанындағы ЗТБ (ҚазАТО) президенті, Алматы қаласы;

 

«Құрмет» орденімен

Алдыбергенов Талғат  Сағиұлы  – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

Аристов Сергей Викторович – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалы «Ғибадат Мусалимов» теплоходының аға моторшысы, Павлодар облысы

Атабеков Қалдарбек Сапарбекұлы –  «Түркістан аймақтық автотасымалдаушылар мен автовокзалдар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, Шымкент қаласы

Әбілбекова Шолпан Ақылбекқызы –  «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС бағыт басшысы, Астана қаласы

Глухов Юрий Васильевич  –  «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының диспетчері-нұсқаушысы

Жұмағұлов Серік Мұсабекұлы – «КАЖсервис» ЖШС Жетісу облыстық филиалының машинисі

Кузнецов Виктор Николаевич –  «SCAT» әуе компаниясы» АҚ нұсқаушысы, Астана қаласы

Қайыпов Дархан – «Южавтотранс» қауымдастық нысанындағы ЗТБ төрағасы, Шымкент қаласы

Наурызбаев Асылбек Қобланұлы  –  «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Маңғыстау бөлімшесі» филиалы Маңғыстау пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисі

Сағынаева Алла Ержалқызы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ менеджері 

Сатыбалдин Бауыржан Талғатбекұлы – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалының «Бриз» кемесі капитанының екінші көмекшісі

Сижанов Әлімбай Латипбайұлы – «КАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының Қарабұтақ кентіндегі жол жұмысшысы

Смолина Александра Александровна – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызмет басшысы – департамент директоры

Тайбеков Эрлан Мыңбайұлы –  «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ-Алматы бөлімшесі» филиалы Үштөбе станциясының вагон қараушысы-жөндеушісі

Шалқаров Әбдіәшім –  «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жетекші ғылыми қызметкері, Алматы облысы 

Шәкенов Марат Арапбекұлы –  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ департамент директоры

Шымыров Ерік Сайлауұлы – еңбек ардагері, Тараз қаласы

Юсупов Қайрат Төлепқалиұлы  – «Атыраукөлік» ЖШС директоры, Атырау қаласы;

 

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Амитов Аманкелді Сматұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қазалы жол дистанциясының жол шебері

Ебосынов Әскербай Теңелбайұлы – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ докер-механизаторы

Рахимов Талғат Кәкішұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Жаңаарқа пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисі

Сапагов Тілек Рамазанұлы –  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Аягөз сигнализация және байланыс дистанциясының  электрмеханигі, Абай облысы

Чинпулатова Сайёра Каримджановна  – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Семей бөлімшесі» филиалы Өскемен-1 станциясының жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы, Өскемен қаласы

Якубовский Владимир Семенович  – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Жаңаесіл сигнализация және байланыс дистанциясының автокөлік жүргізушісі, Солтүстік Қазақстан облысы;

 

«Ерлігі үшін» медалімен

Арыстанғалиев Әділбек  Мерзажанұлы  – «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Атырау филиалы Атырау станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі;

 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Анпилов Алексей Михайлович –  «Capital road construction» ЖШС директоры, Астана қаласы

Балицкий Виктор Юрьевич – «Эйр Астана» АҚ нұсқаушысы, Алматы қаласы

Болатбаев Оралбек Ержігітұлы – «Caspian Trans Corporation» ЖШС көлік жүргізушісі, Маңғыстау облысы

Жұбаев Абай Қадырұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Ақтөбе бөлімшесі» филиалы Орал станциясының орталықтандыру бекетінің операторы, Орал қаласы

Қантәжиев Жұмағали Жұмабайұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалы Түркістан пайдалану локомотив депосының кезекшісі

Қонысов Алмас Нәбиұлы  – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Арыс сигнализация және байланыс дистанциясының учаске бастығы, Түркістан облысы

Мавланов Инагамжан Махаметалиевич – «Аэропорт Шымкент» АҚ көлік жүргізушісі 

Омаров Мұрат Иманбайұлы  –  «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы Шу пайдалану локомотив депосының электровоз машинисі

Омарова Гүлнәр Құрмашқызы – «City Transportation Systems» ЖШС операторы, Астана қаласы

Орымбеков Бекболат Оспанұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қызылорда бөлімшесі» филиалының бөлім бастығы, Қызылорда қаласы

Пірманова Нұрзейнеп Жаңабекқызы  – «Шымкент әуежайы» АҚ ұшу аппараттарын жуушысы

Сүлейменов Айтқожа Назарұлы – «КАЖсервис» ЖШС филиалының бас инженері, Ақмола облысы

Тұрлыбеков Мұхтарбек Шекербекұлы – «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ аға авиациялық инспекторы, Астана қаласы

Тілембеков Ержан Социалұлы  – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Павлодар бөлімшесі» филиалы Екібастұз пайдалану вагон депосының вагондарды қабылдаушысы

Шәріпханова Гүлжанат Сләшқызы –  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Алматы жол дистанциясының диспетчері, Алматы облысы

Щёголев Сергей Геннадьевич – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Павлодар бөлімшесі» филиалы Екібастұз пайдалану локомотив депосының Ерейментау станциясы бойынша электровоз машинисі, Ақмола облысы;

 

«Шапағат» медалімен

Амельянова Вера Ивановна  –  «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалы  Ақтөбе учаскесінің жолсерігі

Әшімов Шәмкен Ыбыкенұлы –  «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалы Қарағанды учаскесінің жолсерігі

Сәдуақасов Марат Сәулебекұлы  – «Темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы, Павлодар облысы;

 

«Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін

Аверкин Владимир Васильевич  – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Гидротехникалық құрылыстар» филиалы Бұқтырма шлюзінің «Тайфун» сүңгуір станциясының капитаны-жоғары санатты механигі

Горват Андрей Михайлович –  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры

Исинаманов Борис Александрұлы  – «Dosjan temir joly» АҚ президентінің кеңесшiсi, Астана қаласы

Шаймин Қанат Әкежанұлы – «ҚАЖсервис» ЖШС бас директорының кеңесшісі, Қарағанды қаласы.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                 Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 28 шілде

                   № 951

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің