National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2025 жылғы 26 қыркүйек

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Загреб қаласында (Хорватия Республикасы) өткен күрес түрлері бойынша әлем чемпионатындағы спорттық жоғары жетістіктері үшін наградталсын:

 

«Құрмет» орденімен

Сұлтанғали Айдос Сұлтанғалиұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК нұсқаушы-спортшысы

Қайпанов Нұрқожа Аралбекұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК нұсқаушы-спортшысы

Гаджимагомедов Камал Маликович – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы;

 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Есенгелді Асылжан Есболұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК нұсқаушы-спортшысы

Кешубаев Еркебұлан Нұрланұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ жаттықтырушысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                                    Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 қыркүйек

                     № 1016


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің