National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан тарихының көптомдығын дайындау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті

Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық жетітомдықты дайындау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті.

Редакция алқасының алдында тұрған басты міндет – көптомдықтың мәтінін, оған енгізілген карталар мен иллюстрациялық материалдарды түпкілікті сараптау және бекіту.

Алқа құрамында көптомдықтың жетекшілері мен авторлары, Ұлттық музей, Орталық мемлекеттік архив, Ұлттық тарихшылар конгресінің басшылығы, академиктер, тарихшы ғалымдар, этнология, тарихи география, архив ісі, филология салаларындағы жетекші мамандар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарындағы тарих кафедраларының өкілдері бар.

Жиын барысында алқа жұмысының жоспары талқыланды. Соған сәйкес маусым айынан бастап әр томның қолжазбасы кезең-кезеңімен мұқият тексеріліп, беттеу жұмыстарына жіберілетін мәтіннің соңғы нұсқасы бекітілуі керек.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы