National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия 1992 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны қалпына келтіру туралы, қазақстандық азаматтықтан шығу туралы, сондай-ақ саяси баспана беру туралы материалдарды алдын ала қарау үшін құрылған. Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен бекітілген Ережемен реттеледі.

Комиссияның құрамына: төраға, оның орынбасары, хатшы, Қазақстан Республикасының Сыртқы және Ішкі істер, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Құрылтай депутаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Сыртқы және Ішкі істер, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Комиссия құрамына лауазымы бойынша кіреді.

Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Комиссияның төрағасы болып табылады.

Комиссияның құрамы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітіледі.

Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан ретте құқылы болып саналады.

Комиссияның шешімі оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуі болып табылады.

Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделіп, оған Төраға қол қояды.

Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөнінде материалдарды Комиссияның және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауы үшін дайындайды.

 

 

Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару