ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2025 жылғы 31 шілде № 952