National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Біз – ел патриотымыз» атты халықаралық жастар форумына қатысты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Біз – ел патриотымыз» атты халықаралық жастар форумы өз жұмысын бастады. 

Мемлекеттік хатшы жиынның ашылуында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінің Тәуелсіз Қазақстанның орнықты әрі тұрақты дамуға жету жолындағы дамуының ажырамас бөлігі екенін айтты.

Сонымен қатар Қырымбек Көшербаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас қазақстандықтар патриотизмнің алғы шебінде жүруге тиіс деген сөзіне назар аударды. Мұның формуласы – халықтың тарихын білу, мемлекетті құрметтеу, үнемі өзін-өзі дамыту, адалдық, жұмысқа қабілеттілік. Ел Президенті жастардың саяси санасының өсуін мемлекеттің қуатты әлеуеті, экономикалық және қоғамдық-саяси процестерге балама көзқарастың бастауы ретінде қарастырады.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, бүгінде елімізде жастарды қолдау және ынталандыру үшін түрлі салаларда мемлекеттік жобалар табысты жүзеге асырылуда. Атап  айтқанда Тұңғыш Президент – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Болашақ» халықаралық білім стипендиясы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, президенттік жастар кадрлық резерві, партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастар үшін міндетті 30 пайыздық квотаны енгізу, жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бағдарламалары және басқа да көптеген жобалар бар.

Форумға Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция елдерінің жақын және алыс шетел бойынша халықаралық жастар ұйымдарының көшбасшылары, орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың, «Nur Otan» партиясының өкілдері, Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен Парламентінің жас депутаттары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, жас ғалымдар, кәсіпкерлер мен шығармашыл жастар қатысты.

          


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару