National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

2022 жылғы 12 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік жүргізіп жатқан монополияға қарсы тергеу жұмыстары туралы есепті тыңдады. Жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу белгілері бар 293 хабарлама берілген, оның 78 пайызы өз еркімен орындалды.

Марат Омаровтың мәліметінше, Агенттік жұмысындағы стратегиялық бағыттар – бәсекелестікті дамыту және қорғау бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз ету, өндірістің негізгі факторларының кәсіпкерлік субъектілеріне теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету, жеке бастаманы қолдау және бәсекелестік алаңын фаворитизмнен тазарту.  

Мемлекет басшысына Жолдауда айтылған, соның ішінде бірыңғай операторларды қысқарту және конгломераттардың қызметін реттеу бөлігінде берілген тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Агенттік мемлекеттік қолдау шараларының теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз етуге, экономикадағы жеке кәсіпкерліктің үлесін арттыруға, экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті дамыту жұмысына ерекше көңіл бөледі.

Кездесу соңында Президент Агентік басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

2026 жылғы 01 тамыз

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Жарлық

2026 жылғы 22 шілде

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің