National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Заңдар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

2024 жылғы 21 мамыр

Заң байланыс желілерін тарту, азаматтарды төтенше жағдай қаупі туралы шұғыл хабардар ету, төтенше жағдай енгізу тетіктерін жетілдіреді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тауар тасымалын қадағалау үшін көліктің барлық түріне навигациялық пломбалар орнату тәртібін енгізеді (қазіргі кезде пломбалар жүк тасымалдайтын автокөліктерге орнатылады).

Бұл нормативтік құжат басқару орталығы Қазақстаннан тысқары жерде орналасқан байланыс желілерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін елге жабдық әкелуге тыйым салады.

Сонымен қатар Заңда антифрод-тетігі енгізілді. Оның аясында интернет-алаяқтыққа және қаржы ұйымдарын заңға қайшы мақсаттарда пайдалануға қарсы шара қолданылады.

Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін автоматтандыруға, соның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты жолға қоюға арналған денсаулық сақтау интеграциялық платформасының жұмысына қатысты мәселелер реттелді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мүгедектігі бар адамдарға жеңілдік тарифтерін беру жөнінде байланыс операторларына қосымша міндеттемелер белгілеу құзыретіне ие болды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің