National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы  Presight (G42) компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

2023 жылғы 12 қазан

Президентке Presight (G42) компаниясы қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен бірлескен кәсіпорын құру жөнінде белсенді келіссөз жүргізіп жатқаны туралы мәлімет берілді. Аталған жоба аясында Қорға қарасты еншілес компаниялар мен өндіріс кәсіпорындары жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдерді енгізу, елімізде жасанды интеллектіні дамытуға қажетті есептеуіш қуатының хабын құру және осы сала мамандарының біліктілігін арттыру көзделген.

Сонымен қатар кездесуде жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық перспективасы қарастырылды. Мемлекет басшысы G42 холдингінің еншілес AI Brain компаниясын Назарбаев Университеті жанындағы Жасанды интеллект институтымен серіктесе жұмыс істеуге шақырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің