National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кроппты қабылдады

2023 жылғы 07 қараша

Svevind Energy Group компаниясының басшылығымен кездесу барысында Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға дайындық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысына Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің былтыр Қазақстанға жасаған сапары барысында қол қойылған Инвестициялық келісім аясында алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстары (Pre-FEED) жүргізіле бастағаны жөнінде мәлімет берілді.

Жоба аясында су тұшыту зауытын, 40 гигаваттық жаңартылатын энергия көздері (жел, күн) станцияларын, сондай-ақ қуаты 20ГВт болатын әрі жылына 2 миллион тонна «жасыл» сутегін немесе 11 миллион тонна «жасыл» аммиак өндіре алатын суды электролиздеу қондырғысын салу және пайдалану көзделіп отыр. Инвестицияның алдын ала болжамды көлемі 50 миллиард евродан асады.

Вольфганг Кропп жобалық құжаттама 2026 жылға қарай аяқталатынын айтты. Инфрақұрылым құрылысын 2027 жылы бастап, 2032 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін Hyrasia One жобасын уақтылы жүзеге асырудың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы аталған бастама Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласын дамытуда жетекші жобалардың бірі болатынына әрі еліміздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 мамыр

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың және Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің «Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы» бірлескен мәлімдемесі

2026 жылғы 28 мамыр

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың және Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің «Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы»  бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2026 жылғы 21 мамыр

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің