National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Бас прокурорды таныстырды

2022 жылғы 03 наурыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған Бас прокурор Берік Асыловты таныстырды.

Президент бұрынғы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы қоғамның басты талабы заңдардың қатаң сақталуы екеніне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазір прокуратура органдарына жүктелген ең үлкен міндет – қаңтар оқиғасына қатысты жағдайларды мұқият әрі жан-жақты тергеп-тексеру. Президент кеңесте тергеп-тексеру жұмыстары барысында заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын сақтау қажет екеніне назар аударды. Сонымен қатар кінәлі адамдарға қатысты жауапкершілік шараларын қабылдай отырып, расталған әрбір хабарламаға дер кезінде мән беруді, тергеу барысы жөнінде халыққа уақтылы ақпарат таратуды тапсырды.

Сондай-ақ Бас прокуратураға ескірген тәсілдерден арылып, антигуманистік қатынастарға қатысты жауапкершілікті күшейтетін ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Президенттің айтуынша, саладағы жұмысты ілгерілету үшін қоғамның қолдауына ие болатын жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер, жаңаша ойлайтын мамандар қажет.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің