National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Еуропарламент депутаттарымен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Еуропалық Парламенттің шет ел істері жөніндегі комитетінің төрағасы Дэвид Макаллистер бастаған делегациямен кездесті.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кең көлемдегі әріптестік және ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасына, сондай-ақ парламентаралық қатынастарға оң бағасын берді.

Ерлан Қарин еуропалық депутаттарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде соңғы жылдары жүзеге асқан реформалар туралы егжей-тегжейлі айтты.

Өз кезегінде, Еуропарламент өкілдері Қазақстанда іске асып жатқан институционалдық реформалардың демократия қағидаттарын нығайтуға, заңның үстемдік құруын қамтамасыз етуге және адам құқығын сақтауға бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар тараптар бірқатар халықаралық және өңірлік мәселелер төңірегінде пікір алмасты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы