National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші мектептердегі тәрбие жұмыстарының жаңа бағдарламасы жөнінде жиын өткізді

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен мектептердегі тәрбие жұмысы жөнінде кеңес өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын әзірлеген жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Аталған құжат Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес дайындалды. Бұл бағдарлама білім беру ұйымдарына биылғы 1 қыркүйектен енгізіле бастады.

Мемлекеттік кеңесші тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мектеп пен ата-аналардан күш жұмылдыруды талап ететін күрделі үдеріс екенін атап өтті. Бағдарлама отаншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, ынтымақтастық, жасампаздық пен жаңашылдық секілді іргелі құндылықтарды кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіруді көздейді.

Жиын соңында Ерлан Қарин барлық білім беру мекемесінде тәрбие жұмысының жаңа бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға және оны одан әрі ілгерілетуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 08 шілде

Қ.Б. Жайсанбаев туралы