National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысында Мәдениет және ақпарат министрінің, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің есебі тыңдалды.

Қатысушылар ведомстволық марапаттар жүйесін, мемлекеттік рәміздерді қолдану және пайдалану тәртібін реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мәселелерін қарастырды.

Жиын барысында республикалық комиссия бірқатар мемлекеттік органның жаңадан үш ведомстволық награда енгізу жөніндегі ұсынысын қолдамады.

Осы орайда Мемлекеттік кеңесші: «Ведомстволық наградалар саласын ретке келтіру керек. Біріншіден, ведомстволық награда түрлерін көбейтудің қажеттілігі жоқ. Қайта оны терең зерделеп, марапаттарды оңтайландыру керек. Екіншіден, әрбір мемлекеттік орган үшін ведомстволық наградалардың квотасын белгілеу қажет. Үшіншіден, орталық мемлекеттік органдар басшыларының ведомстволық наградалар саласына қатысты жеке жауапкершілігін арттырған жөн», – деп атап өтті.

Ерлан Қарин мемлекеттік, ведомстволық және қоғамдық марапаттар саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқанына назар аударды. Тиісті заңдарға түзету енгізу туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламенттің қарауына жолданған.

Жиынды қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші мемлекеттік рәміздер, марапаттар және геральдика саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы