National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

2022 жылғы 09 мамыр

Қымбатты отандастар!

 

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн.

Сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.

Өкінішке қарай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түсуде. Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр. Еліміздің барша азаматтары өздеріңізге бас иеді.

Мемлекет соғыс ардагерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Олар қоғамымыздың да құрметін көріп, қамқорлығына бөленуге тиіс.    

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Жеңіс күні құтты болсын! 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің