National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Испания Королін ұлттық мерекемен құттықтады

2026 жылғы 12 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев Испан халқы күніне орай Король VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Испания халқының бірлігін, бай мұрасы мен ұлттық рухын айшықтайтын мейрамның тарихи маңызына тоқталды.

– Испания саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуда зор жетістікке қол жеткізген ел ретінде халықаралық қоғамдастықта лайықты орынға ие. Еліңіз өркендеу жолында алға қарай нық қадам баса беретініне сенімім кәміл, – деп жазылған жеделхатта. 

Президент берік достық пен өзара сенімге негізделген қазақ-испан қарым-қатынасының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сан қырлы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корольдің мемлекеттік қызметіне табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің