National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

2022 жылғы 18 желтоқсан

Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын Ұлттық күнімен құттықтай отырып, бейбітшілік пен ынтымақтастық қағидаттарын ұстанған елдің алдағы уақытта да қарқынды дами беруіне тілектестік білдірді.

«Осы мерейлі мейраммен тұспа-тұс келіп отырған футболдан әлем чемпионатының сәтті әрі табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Дүниежүзілік брендке айналған бұл дүбірлі дода Қатардың бақуатты және болашаққа нық сеніммен қадам басып келе жатқан ел екенін тағы да растады. Әсіресе, қарапайым спорт жанкүйерімен қатар халықаралық қауымдастық та әлемдік біріншіліктің жоғары деңгейдегі жаңа стандарттарына куә болды», – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент Шығанақтағы  Қазақстанның басты серіктестерінің бірі – Қатармен тығыз байланыстарымыз жылдан жылға ауқымы ұлғайып, ықпалдастығымыздың өрісі кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтті. Ол бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел халықтарының игілігі үшін әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымыз одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 05 шілде

Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің