National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

2022 жылғы 18 желтоқсан

Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын Ұлттық күнімен құттықтай отырып, бейбітшілік пен ынтымақтастық қағидаттарын ұстанған елдің алдағы уақытта да қарқынды дами беруіне тілектестік білдірді.

«Осы мерейлі мейраммен тұспа-тұс келіп отырған футболдан әлем чемпионатының сәтті әрі табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Дүниежүзілік брендке айналған бұл дүбірлі дода Қатардың бақуатты және болашаққа нық сеніммен қадам басып келе жатқан ел екенін тағы да растады. Әсіресе, қарапайым спорт жанкүйерімен қатар халықаралық қауымдастық та әлемдік біріншіліктің жоғары деңгейдегі жаңа стандарттарына куә болды», – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент Шығанақтағы  Қазақстанның басты серіктестерінің бірі – Қатармен тығыз байланыстарымыз жылдан жылға ауқымы ұлғайып, ықпалдастығымыздың өрісі кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтті. Ол бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел халықтарының игілігі үшін әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымыз одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

2026 жылғы 08 маусым

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің