National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несисті қабылдады

2024 жылғы 31 қазан

Мемлекет басшысына бағалы және түсті металдарды барлау, игеру және қайта өңдеумен айналысатын ірі компанияның Қазақстандағы қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет беріліп, алдағы уақытқа арналған жоспары таныстырылды.

Президентке Solidcore Resources plc компаниясы Павлодар облысында «Ертiс ГМК» жаңа гидрометаллургия кешенінің құрылысын бастағаны жөнінде баяндалды. Болашақ зауыт жылына 300 мың тонна концентрат шығара алады. Құрамындағы алтынның үлесі 98 пайызға жуықтайтын Доре құймасын шығару жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Виталий Несис Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағандыда геологиялық зертхана салу жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы компанияның отандық өнеркәсіпке қажетті инженер мамандар даярлау мақсатында қабылдаған шараларының маңызы зор екенін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің