National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Астана қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Жиында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтің нашақорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру қорытындылары туралы есебі тыңдалды. Бұдан бөлек, 2026 – 2028 жылдарға арналған Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың жобасы ұсынылды.

Талқылау барысында Кеңес мүшелері мен жастар ұйымдарының жетекшілері нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

Ерлан Қарин бүгінде нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын әрі қазірдің өзінде нақты нәтижелер байқалып отырғанын атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші нашақорлыққа қарсы күрес әрдайым Президенттің ерекше назарында екенін еске салды. Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің соңғы отырысында Мемлекет басшысы есірткіні таратпауға бағытталған кешенді шаралар қабылдауды және бұл іске жастар ұйымдары мен еріктілерді тартуды тапсырғанын жеткізді.

Сонымен қатар Ерлан Қарин нашақорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен күш-жігері арқылы ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты ұсынымдар әзірленіп, көтерілген мәселелер туралы мемлекеттік органдарға арнайы тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы