National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президенттің атына көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр

2026 жылғы 25 қыркүйек

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Жеделхаттарда шетел көшбасшылары осынау қиын сәтте Қазақстан халқымен бірге екенін жеткізген.

Сонымен қатар қазақстандықтардың ауыр қайғысына ортақтасып, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтады.

Көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері жолдады.

Қазақстан Президенті халықаралық қоғамдастықтың жұбаныш сөзі мен қолдауына ризашылығын білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің