National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ауғанстан мәселелері жөніндегі аймақтық қауіпсіздік диалогы отырысына қатысты       

Мәскеуде Ауғанстан мәселелері бойынша аймақтық қауіпсіздік диалогының бесінші отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Кездесу барысында Ресейдің, Үндістанның, Иранның, Қытайдың, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері Ауғанстан төңірегіндегі жағдайдың өзгеруіне қатысты анағұрлым өзекті мәселелерді талқылады.

Ғизат Нұрдәулетов аталған елдегі жағдайды қалыпқа келтіру өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Экстремизм мен терроризмнің, есірткі және қарудың заңсыз айналымының, сондай-ақ заңсыз көші-қонның белең алуынан туындаған қатерлермен қатар, бүкіл аймақтың азық-түлік, энергетика және көлік қауіпсіздігіне Ауғанстандағы ахуалдың ықпалы күшейе түсті.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін гуманитарлық қолдауды жандандырудың, әсіресе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің  маңызды екенін атап өтті.

Сонымен бірге Ауғанстанның үлесі бар өңірлік экономикалық жобалардың жүзеге асырылуы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізін қалап, аталған елді интеграциялық экономикалық процестерге тарту  тұрғысынан шешуші рөл атқаруға тиіс.

Осы күні іс-шараға қатысқан делегация басшыларын Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қабылдады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 20 мамыр

Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

2024 жылғы 21 мамыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

Жарлық

2024 жылғы 17 мамыр

Н.И. Қилыбайды тағайындау туралы