National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

 

Геральдикалық комиссияның қызметі мен атқарған жұмыстары туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменов есеп берді.

Комиссия мүшелері Геральдикалық комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Жұмыс қорытындысында ведомстволық наградалар жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге, ведомстволық наградалармен марапаттау тәжірибесін жинақтауға, мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруге, комиссияның хаттамалық шешімдерін орындау сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару