National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиналысқа қатысты

Ардагерлер ұйымы 1987 жылғы 21 наурызда құрылған. Бірлестік құрамында 1 млн 845 мың соғыс және еңбек ардагері бар. «Халық қаһарманы» және Қазақстанның Еңбек Ері атағын иеленген 17 ардагер, 2 Кеңес Одағының Батыры, 115 Социалистік Еңбек Ері ұйымның мақтаныштары болып саналады.

Салтанатты жиналысқа Ардагерлер ұйымының орталық кеңесінің төрағасы Б.Ізмұхамбетов, еліміздің барлық өңірінің соғыс және еңбек ардагерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар, жұртшылық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдығының бірі болып саналатынын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Президенттің тапсырмасы бойынша зейнетақы 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға өсетінін айтты. Бұдан бөлек, негізгі зейнетақыны тағайындау жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылып, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болмақ. Бұл шаралар 2018 жылы негізгі зейнетақы көлемін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік хатшы республикалық бірлестіктің Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін айрықша атап өтті.

Соңында Мемлекеттік хатшы ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді іске асыруға ардагерлер белсенді түрде атсалысатынына сенім білдірді.

Салтанатты жиын барысында ардагерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы көрсетіп келе жатқан қамқорлығы үшін алғыс білдірді. Олар Қазақстанда салтанат құрып отырған бейбітшілік, бірлік және келісімге жеткізген Мемлекет басшысының көреген әрі сындарлы саясатын бірауыздан қолдайтынын айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы