National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Нобель сыйлығының лауреаты, йемендік құқық қорғаушы Тавакуль Карманмен кездесті

 

Әңгіме барысында Мемлекеттік хатшы құқық қорғаушы Т.Карманды әйел құқықтарын қорғау мен оны кеңейту саласындағы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен таныстырды.

Г.Әбдіқалықова Қазақстанның жеткен табыстары Дүниежүзілік экономикалық форумның сараптама тобы 2012 жылы қазанда жариялаған ер мен әйелдің құқық теңдігі рейтингісінде нақтыланғанын, онда біздің ел 135 мемлекет ішінен 32 орынды иеленгенін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Т.Карманның 2011 жылы Нобель сыйлығына лайық деп танылған «әйелдер қауіпсіздігі үшін зорлықсыз күрес және бейбітшілік орнатуға әйелдердің қатысу құқығы» жолындағы еңбегін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысында Г.Әбдіқалықова Т.Карманның құқық қорғау саласындағы жұмысына табыс тілеп, Йеменде тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауына ниеттестігін білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 12 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы