National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік хатшы


Қырымбек Көшербаев Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Қазақстан Президенті мерейтойлық іс-шаралардың жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету үшін «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» арнайы Жарлық қабылдағаны белгілі.

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы ұлы жырау, дала Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың рухани мұралары әлемдік мәдениеттің алтын қорына енгенін атап өтті. Жамбыл Жабаев өзінің ғибратты ғұмырында адами қасиеттерді ардақтауды, Отанға деген іңкәрлікті және қара қылды қақ жарған әділеттілікті жырына арқау етіп өтті. Бүгінгі таңда оның шығармашылығы қоғамның рухани жаңғыруы жолында ерекше өзекті болып отыр.

Қ.Көшербаев былтыр ұлы Абайдың 175 жылдық және Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде лайықты атап өтілгеніне тоқталып, ұлы  жыраудың мерейтойы да  ұрпақтың санасына ұлағат болар тағылымдық және танымдық іс-шаралар арқылы жалғасатынын айтты.

Отырыс барысында Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың, Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдері А.Баталов пен Б.Сапарбаевтың, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұ.Есдәулеттің Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында өткізуге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпараттары тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия мерейтойлық іс-шаралардың жалпыреспубликалық жоспарын мақұлдады және бекітті. Мерейтойлық жыл ішінде республика бойынша  500-ге жуық әлеуметтік, имидждік, ғылыми, танымдық іс-шаралар өткізіледі. Бұдан бөлек, ақын өмірінен деректі фильм түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, айтыстар мен әдеби конкурстарды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу және басқа да шаралар өткізу көзделіп отыр.

Мемлекеттік хатшы Үкіметке жалпыреспубликалық жоспардың сапалы орындалуын және мерейтойлық іс-шаралардың ақпараттық тұрғыдан жан-жақты сүйемелденуін қамтамасыз етуді тапсырды. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне Жамбыл Жабаевтың мерейтойын мерекелеу жөніндегі өңірлік жоспарларды әзірлеп, бекітуді және олардың орындалуын қадағалауды міндеттеді.

Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия мерейтойлық іс-шаралардың жалпыреспубликалық жоспарын бекітті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 01 сәуір

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

2021 жылғы 14 сәуір

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

Жарлық

2021 жылғы 05 сәуір

Хроника