National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XXI кездесуі өтті

Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XXI кездесуіне қатысты.

Іс-шара басталар алдында делегация басшыларын Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдады.

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризм мен экстремизмге, есірткі бизнесіне және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күрес, сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды.

Ғизат Нұрдәулетов өңірлік қауіпсіздік саласындағы ахуалға қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын баяндады.

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы синтетикалық есірткілер мен жаңа психобелсенді заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың маңызын атап өтті, қауіпсіздіктің өзекті бағыттарының кең ауқымы бойынша жасанды интеллектіні қолдану бағытында тәжірибе алмасуды және ортақ тәсілдерді қалыптастыру үшін алаң құруды ұсынды, сондай-ақ Каспий теңізіндегі кешенді қауіпсіздіктің маңызына ерекше назар аударды.

Жиын соңында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының ХХІ кездесуінің хаттамасына қол қойылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

2026 жылғы 09 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Жарлық

2026 жылғы 03 қараша

Ә.Ж. Жанасова туралы