National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Отырыста 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асырудың алдын ала қорытындылары шығарылып, алдағы бес жылға арналған жаңа стратегиялық құжат жобасы қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі екені атап өтілді. Осы орайда қабылданып жатқан шаралардың нәтижелілігіне баса мән беріліп, стратегиялық құжаттарды орындауда көзбояушылыққа жол бермеу қажет.

Қолданыстағы тұжырымдаманы талдау барысында анықталған түйткілдер мен кемшіліктер алдағы бес жылға арналған саясатты әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.

Жаңа құжат жобасында іс-шараларды есеп үшін орындаудан гөрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі басқаруға ден қою ұсынылды. Ол үшін азаматтар өміріндегі нақты өзгерістерге бағытталған, нәтижесі өлшенетін мақсаттар белгілеу көзделген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мен болжауда заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдануға ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұжырымдама жобасы мен оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын пысықтау тапсырылды. Құжат Мемлекет басшысының қарауына енгізілер алдында Комиссияда қайта қаралады.

Жаңа тұжырымдаманы іске асыру 2027 жылғы 1 қаңтардан басталады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ отырыста Комиссияның жұмыс форматын жетілдіру және келесі жылға арналған басым мәселелерді айқындау жөніндегі ұсыныстар қаралды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

2026 жылғы 09 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Жарлық

2026 жылғы 03 қараша

Ә.Ж. Жанасова туралы