National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, комиссия отырысында ведомстволық наградалардың бірыңғай стандарты мен тізімін әзірлеуге қатысты мәселелер қаралды.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мемлекеттік рәміздерді қолдану әрі насихаттау жөніндегі жұмыстарының есебі тыңдалды.

Мемлекеттік кеңесші жиынды қорытындылай келе, мемлекеттік рәміздер, марапаттар және геральдика саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару