
1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. 2012 жылы социология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
1998-1999 жылдары – «Қылмыс пен жаза» газеті редакциясының тілшісі.
1999-2004 жылдары – Алматы облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің бастығы.
2004 жылы – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының Талдау және болжау бөлімінің бастығы.
2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша Ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары – Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры.
2008 жыл – Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы.
2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
2025-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі.
2026 жылғы 31 тамызда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
«Құрмет» (2010), «Парасат» (2015), III дәрежелі «Барыс» (2021), II дәрежелі «Барыс» (2024), I дәрежелі «Барыс» (2026), «Дустлик» (Өзбекстан, 2024) ордендерімен сондай-ақ «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.