National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысында Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімінің есептері тыңдалды. Ерлан Қарин мемлекеттік рәміздерді қолдануға және пайдалануға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Жиын барысында өңірлерде мемлекеттік рәміздерді пайдалану бағытындағы бақылауды күшейту және жұмыстың тиімділігін арттыру ұсынылды. Сонымен қатар бекітілген стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарға мемлекеттік рәміздерді дайындайтын мекемелермен жұмыс атқару ұсынылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Ерлан Қарин мемлекеттік органдарға заңнамалық базаны жетілдіру, мемлекеттік және ведомстволық наградалардың бірыңғай жүйесін ретке келтіру  үшін бірлескен жұмыстарды өзара үйлестіруді тапсырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы