National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин Орталық мемлекеттік архивтің қызметімен танысты

Мемлекеттік кеңесші Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Орталық мемлекеттік архивінде болды.

Ерлан Қарин Үкіметтің «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020 - 2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары аясында көптеген жұмыс атқарылғанын атап өтті. Соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей архив құжаттарын цифрландыру үшін ауқымды шаралар қолға алынды.

Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебай архив құжаттарын сақтау және есепке алу тәртібі туралы баяндады. Сонымен қатар ғасырдан астам уақыт тарихы бар мекеме аса құнды құжаттар мен материалдар қорын жинақтағанын айтты.

Мемлекеттік кеңесші еліміздің архив ісін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2026 жылғы 27 наурыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы