National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Нұрланұлы Жиенбаев

1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002 жылы «Тұран» Университетін заң мамандығы бойынша бітірген, 2018 жылы РХШжМҚА-ның «Executive MBA» бағдарламасы бойынша оқыған.

2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек еткен.

2005-2012 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. ҚР Премьер-министрі Кеңсесі Заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012–2013 жылдары – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін ҚР Премьер-министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2019 жылғы шілде – қазан аралығында ҚР Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып қызмет атқарды. 

2026 жылы 3 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» (2016), «Парасат» (2021), ІІІ-дәрежелі «Барыс» (2025) ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен (2020), Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен (2021), 7 мерейтойлық медальмен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

2026 жылғы 09 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Жарлық

2026 жылғы 03 қараша

Ә.Ж. Жанасова туралы